Алматыдағы өрт оқиғасы: Ер адам темекі шегіп жатып ұйықтап кеткен

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Әуезов ауданында, Сүлейменов көшесіндегі 24-А үй мекенжайында орналасқан «Мир» тұрғын үй кешенінің 11-қабатында болған өрттен екі адам зардап шекті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыдағы өрт оқиғасы: Ер адам темекі шегіп жатып ұйықтап кеткен

Алдын ала мәліметтерге қарағанда, үйдің масайған қожасы темекі тартып отырып, ұйқыға кеткен. Әйелі түтіннің исін сезіп, өрт сөндірушілерді шақырады. Көппәтерлі үйдің тұрғындарын шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірген олар өртті алапат жалынға айналмай жатып сөндірді. Иіс газына тұншыққан үй иелерін жедел жәрдем ауруханаға алып кетті.

Тілсіз жау сол арада 5 шаршы метрді шарпып үлгерген.