Алматыдағы Орта Азия ғұламаларының форумында радикалды идеологияның таралуына қарсы күрес мәселелері талқылануда (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат-Бүгін Алматыда еліміз бойынша тұңғыш рет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Келісім мен жасампаздық - Орталық Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі» атты Орта Азия ғұламаларының форумы өз жұмысын бастады.
None
None

«Форумның негізгі мақсаты - экстремизм мен терроризмді болдырмау жолдарын, тетіктерін бірлесіп іздестіру. Бұл бүгінгі таңда бүкіл әлемде өзекті мәселеге айналып отырғаны белгілі. Сонымен қатар, Орта Азия мұсылмандарының күшін бір арнаға жұмылдырып, қоғамның тыныштығы мен бірлігі жолында бірлесіп жұмыс жасау. Осы ретте барша мұсылманды орта жолды ұстануға, дін атын жамылып, дінді озбырлық әрекеттер мен саяси және жеке мүдделер үшін пайдалануды көздейтіндерге ілеспеуге шақырып, жамағаттың басын қосуды, біріктіруді көздейді», - деді өз сөзінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Сондай-ақ, форумда Орта Азия елдеріндегі радикалды идеологияның таралуына қарсы күрес мәселелері талқыланып, қарар қабылданып, үндеу жарияланады. Сонымен қатар, Ислам ғалымдары мұсылман үмметін, жалпы халықты ортақ мәзһабымыздың мәртебесін көтеріп, қоғамда тыныштық орнату, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттау, Ислам дінін болашақ ұрпаққа дұрыс жеткізу, ортақ мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғырту, дамыту мәселелерін талқылайды.

Бүгінгі іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттерінің Бас мүфтилері, беделді ғалым-теолог және имамдар қатысуда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум