Алматыдағы өрттен жеті адам құтқарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы пәтерде шыққан өрт кезінде жеті адам құтқарылды, деп хабарлайды қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.
«27 қыркүйекте сағат 10:19-да Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Бостандық ауданы, Каблукова көшесіндегі 129/8 үйдің №5 пәтерінде өрт шыққаны туралы қоңырау шалынған. Өрт сөндірушілердің бірінші көлігі оқиға орнына 10:28-де келіп жетті. Бес қабатты тұрғын үйдің 2 қабатында ауданы 70 шаршы метрлік пәтер өртке оранған. Жалын 10:51-де толығымен сөндірілді. Осы кезде өрттен 15 адам эвакуцияланды, 7 адам құтқарылды, оның біреуі бала», - делінген хабарламада.