Алматыдағы Отан қорғаушы күнін мерекелеу құс қанаты талатын биіктен қарағанда...
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының мәдениет басқармасы Интернетке Отан қорғаушылар күнін мерекелеу салтанаты жа йлы құс қанаты талатын биіктен түсірілген бейнежазбаны орналастырды.
Еске сала кетейік, бүгін Алматыда Абай атындағы алаңда мерекелік шара өтті, оның бағдарламасында флешмоб, десантшылардың және Республикалық ұлан курсанттарының өнер көрсетуі, әскери техникалар мен қаруларды көрсету, әскерге шақырылғандарға сыйлықтар тапсыру, отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт болды. Шараға барлығы 500-ден астам әскери қызметшілер қатысты.
Шарада Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек құттықтау сөз сөйледі