Алматыдағы пиццериядан жарылғыш зат табылмады - полиция

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоршауға алынған пиццериядан жарылғыш зат табылмады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек айтты.

Алматыдағы пиццериядан жарылғыш зат табылмады - полиция

«Жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат расталмады. Қалалық полицияның  тергеу басқармасы ҚР ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, бүгін Шаляпин мен Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы пиццерияның қоршауға алынғаны туралы хабарлаған болатынбыз.