Алматыдағы «Проздина» дүкендер кешенінде ірі өрт болды
ТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні кешке, Алматы қаласындағы «Проздина» жеке кәсіпкерлігінің дүкендер кешенінде ірі өрт болды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, өрт Жетісу ауданы, Айнабұлақ-4 шағынауданындағы Жұмабаев көшесінде орналасқан жеке кәсіпкерліктің дүкендер кешенінде 19 сағат 19 минутта басталды. Кешеннің шатыры жанған.
500 шаршы метр аумаққа жайылған жалынмен күреске ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 50 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды. 20.31-де тілсіз жаудың ошағы жойылып, тағы 25 минуттан кейін толығымен ауыздықталды.
Министрліктен анықтағандай, құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.