Алматыдағы Райымбек даңғылында жол қозғалысы қайта қалпына келтіріледі

АЛМАТЫ. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ертең Алматыдағы Райымбек даңғылында Фурманов көшесінен бастап Панфилов көшесіне дейін жол қозғалысы қалпына келтіріледі,

Алматыдағы Райымбек даңғылында жол қозғалысы қайта қалпына келтіріледі

деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ІІД-нің Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, Райымбек даңғылы бойымен  Фурманов көшесінен бастап Панфилов көшесіне дейін жерасты жүру өткелін салу үшін жабылған болатын.