Алматыдағы Саин көшесінің бір бөлігі 3 күн түнгі уақытта жабылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы Саин көшесінің бір бөлігі 7-10 қыркүйек күндері түнгі уақытта жабылады. Бұл туралы Алматы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Саин көшесінің батыс бөлігінде жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 7-10 қыркүйек күндері сағ 21:00 - 06:00 аралығында, яғни түнгі уақытта Ұлықбек көшесінен Абай даңғылына дейін көлік жүрісі уақытша ішінара шектеледі», - делінген басқарма хабарламасында.
Аталған аумақта орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Басқарма келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрай отырып, жүргізушілерден жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.