Алматыдағы «Самал-2» шағынауданында үй салынбайды - әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының «Самал-2» шағын ауданында 28 қабатты тұрғын үйдің құрылысына жол берілмейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Әлеуметтік желіде «Самал-2» шағын ауданында көпқабатты үйдің құрылысы туралы ақпарат тарады.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.

«Достық даңғылы, 91в мекен-жайындағы учаске заңды тұлғаға жеке меншік құқығымен тиесілі. Жер учаскесінің нысаналы мақсаты тұрғын емес үй-жайларды пайдалану және ол тұрғын үй кешені құрылысына рұқсат беру құжаты болып табылмайды. Учаскенің меншік иесі жобалау алдындағы құжаттаманы алу үшін Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жүгінген жоқ»,-деп хабарлады басқармадан.


Соңғы жаңалықтар