Алматыдағы «Саяхат» автостанциясы маңында жол бағыты өзгереді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай көшесі мен Райымбек даңғылында жол қозғалысының жаңа кестесі енгізілетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы «Саяхат» автостанциясы маңында жол бағыты өзгереді

Айта кетерлігі, бұл қиылысқа жақын аймақта базар бар. Осыған байланысты жолаушы тасымалдайтын көліктер өте көп келеді де ылғи да кептеліс болып жатады.

1 тамыздан бастап жол қозғалысы басқаша болады.
null

Қалалық жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасынан хабарланғандай, Райымбек көшесімен шығысқа қарай Қонаев көшесімен қиылыстағы бағдаршамнан соң тек қоғамдық көлік қана өтетін болады. Ал жеңіл және басқа көліктер Пушкин көшесінен Есенов көшесіне дейін тек тоннель арқылы өтеді.

Сондай-ақ, Сүйінбай көшесімен келе жатып Райымбек даңғылына солға жүруге тыйым салынды.

Райымбек даңғылымен шығысқа келе жатып, Сүйінбай көшесіне түсуге болмайды. Осының арқасында аталған аймақтағы жол қозғалысын жеңілдету көзделген.