Алматыдағы саяжайлық үйде бір отбасы мүшелері түгелдей иіс тиіп уланды

АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Медеу ауданындағы «Кеңсай» шағынауданында орналасқан саяжайлық үйде 11 қаңтар күні сағат 00:05-те қатты отынмен жанатын пештің ақаулығы салдарынан 4 адамнан құрылған отбасы - 38 және 30 жастағы ер адам мен әйел, және екі және үш жасар екі бала иіс тиіп уланды.

Алматыдағы саяжайлық үйде бір отбасы мүшелері түгелдей  иіс тиіп уланды

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.