Алматыдағы «Сенің күнің, Донор!» қайырымдылық акциясы кезінде 397 литр қан жиналды
АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Алматыда 16 сәуір мен 19 мамыр аралығында өткізілген «Сенің күнің, Донор!» акциясына 18 бен 60 жас аралығындағы 827 алматылық қатысты.
Барлығы 397 литр қан жиналды. Бұл шараны Республикалық қан құю орталығы мен «Бауыржан» қайырымдылық қоры бірігіп ұйымдастырған болатын.
«Осыдан 20 жыл бұрын Қазақстанда 750 мың қан тапсырушы адам болатын. Қазір олардың саны 4 есе аз. Ал, қан қорына деген тапсырыс жыл сайын артып келеді», - дейді «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті Жұлдыз Омарбекова. Оның айтуынша, донор ретінде қайрымдылық акциясына қатысқандардың барлығы арнайы ұйымдастырылған белгілі қазақ эстрада жұлдыздарының концертіне шақырылды.