Алматыдағы шекара қызметі академиясының полигонында орын алған жарылыстан төрт курсант жарақат алды
АЛМАТЫ. 14 қазан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Еліміздің ҰҚК Шекара қызметі Академиясының жаттығу орталығындағы полигонда снарядтың өздігінен оталуынан жарылыс болып, нәтижесінде төрт курсант жарақат алды.
Аталған оқу орынның баспасөз хатшысы Нұрлан Уәжановтың айтуынша, бұл оқиға қазанның 10-ы күні сағат 13:00 АГС-17 гранатометынан ату тәжірибелік жұмыстары кезінде орын алған. Снаряд сынықтарынан жарақат алған төрт әскери қызметкер әскери госпиталға жеткізілген, сонда алғашқы көмек көрсетілген. Олардың денсаулығы қазір қалыпты жағдайда.
Осы оқиғаға орай ҰҚК-нің Алматы гарнизонында тергеу жұмыстары басталды.