Алматыдағы сыраханалардың бірінде пышақпен әйелге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер ұсталды

АСТАНА. 18 мамыр. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Алматыдағы сыраханалардың бірінде пышақпен әйелге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер ұсталды.

Алматыдағы сыраханалардың бірінде пышақпен әйелге қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскер ұсталды

Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ-де өткен брифинг барысында ведомствоның Мемлекеттік тіл саясаты және ақпарат департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірова мәлім етті.

«Сәуір айының ортасында 33 жастағы жәбірленуші Алматының шағын аудандарының біріндегі сыраханада болғанда, қасына бейтаныс адам отырып, пышақпен қорқытып, алтын бұйымдары мен 145 мың теңгесі бар сөмкесін жымқырып кеткені туралы ақпарат түскен болатын. Жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін жүргізудің нәтижесінде Алматы облысы Еңбекші ауылының қылмысты қасақана жасаған 31 жастағы тұрғыны ұсталды», - дейді Қ. Темірова.

Оның айтуынша, айғақ заттар жартылай алынды.

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде.