Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығына құны 4 232 693 теңге болатын медициналық құралдар табысталды

АЛМАТЫ. 6 ақпан. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ -  Бүгін «АЯЛА» қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасының балалар кардиохирургиясын дамыту жөніндегі  «Менің де өмір сүргім келеді» жобасы

Алматыдағы Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығына  құны 4 232 693 теңге болатын медициналық  құралдар табысталды

аясында жалпы құны  4 232 693 теңгеге сатып алынған медициналық құрал-жабдықтарды Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығына  (ҰХҒО)  табыстады.

 Хирургиялық құралдар жоғары сападағы материалдардан жасалған және жүректерінде туабітті ақауы бар кішкентай сәби-пациенттерге жасайтын арнайы операцияға арналған.

 Табыстау рәсімінде «АЯЛА» қайырымдылық қорының вице президенті Жангелді Сәрсенов: «Біздің қор балалар кардиохирургия мәселесімен 2008 жылдан бастап айналысып келеді. Ал «Менің де өмір сүргім келеді» жобасын іске асыру барысында балалар кардиохирургиясындағы  мәселелерді шешіп, дамытуға  осы уақытқа дейін  жалпы сомасы 45 888 103 теңге қаражат жұмсалды. Әрине, ол біздің демеушілеріміз бен серіктестеріміздің арқасында мүмкін болды. Әр жылдары бізге Dialin, Halyk bank, Viled, КазСтройСервис сияқты компаниялар көмек берді, бірнеше жеке тұлғалар үлкен қайырымдылық жасады, қаражат әр-түрлі қайырымдылық шаралар үстінде де жиналды. Атап өтерім, бүгінгі медициналық құралдарды алған ақша «Қағанат» асханалары мен «Эйр Астана» әуебилеттерін сатып алатын кеңселерде орнатылған жәшіктерден жиналды, яғни қарапайым адамдардан жиналған қаражатқа сатып алынды. Біз сол үшін барлық мейірімді де, жомарт адамдарға алғысымызды білдіреміз. Осындай қайырымды жандардың арқасында Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында 2010 жылы 292 сәбиге операция жасалса, 2011 жылы 282 балаға операциялар жасалды (оның ішінде, 34-і - 1 жасқа толмағандар, 58-і - 3 жасқа толмағандар), яғни көмек көрсеткен адамдар 500-ден аса баланың өмірін аман сақтап қалды. Оның ішінде салмағы 10 келіге жетпейтін 150-ге жуық нәрестеге операция жасалды. Бұрын мұндай операцияларды жасау мүмкін емес еді», - деді өз сөзінде.

 Оның айтуынша,   2011 жылы қайырымдылық қорлар көмегінің арқасында ҰХҒО-ның екі УДЗ дәрігерлері біліктіліктерін көтеру үшін Томск кардиоорталығына мамандандырылуға жіберілген, ал 2009 жылы аталмыш орталықтың дәрігерлері Бергамо қаласының кардиохирургия клиникасында біліктіліктерін көтеру курстарынан өткен. Және дәрігерлердің Италиядан келгендерінен кейін, салмақтары 10 келіге жетпейтін балаларға операциялар жасау шеберлігі арта түскен.