Алматыдағы тау бөктерінде қураған шөп өртеніп жатыр

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Медеу ауданында қураған шөп өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, табиғаи өртті жоюға 100 адам жұмылдырылды.

«Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің табиғи өрттерді жою бойынша біріккен жасағы – 100 адам, 8 бірлік техника Медеу ауданындағы Сәрсенбаев көшесіне жақын орналасқан, тау бөктеріндегі жанып жатқан құрғақ шөпті сөндіруде»,- деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство өкілдері, өрттің жеке тұрғын үйлерге таралу қаупі бар екені мәлім етті.

Бұған дейін Алматыда Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтының екінші қабаты отқа оранғаны туралы жазған болатынбыз. Сондай- ақ бүгін жолаушылар автобусы өртеніп кетті.





Видеодан алын ғ ан кадр

Соңғы жаңалықтар