Алматыдағы «Тау самалы» ықшамауданында дәрігерлік амбулатория ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Тау самалы» ықшамауданының 6 мыңнан астам тұрғыны үшін «Шетсіз қала - шекарасыз медицина» бағдарламасы аясында дәрігерлік амбулатория ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл №5 қалалық клиникалық аурухана жанынан ашылған алғашқы дәрігерлік амбулатория.

«Осы ауданда тұратын барлық адамдарға есік ашық. Келушілер дәрігер мен медбикеге кеңесіне жүгіне алады.Сондай-ақ, күндізгі стационарда емделуге, екпе алуға, қан сараптамаларын жасатуға мүмкіндік бар. Электрокардиограммадан өткізу, дәрі-дәрмектерге рецепт алу сияқты қызметтерде көрсетіледі. Диспансерлік науқастардың өздері дәрі-дәрмектер алады. Енді ықшам аудан тұрғындарына медициналық көмек алу үшін емханаға барудың қажеті жоқ», - деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Төсекбаев.

9 төсектік күндізгі стационары бар дәрігерлік амбулаторияның ашылу рәсіміне келген тұрғындар ризашылықтарын білдірді.

«Менің бұл ауданда тұрып жатқаныма 17 жыл болды. Мен артериялық гипертония диспансерінде тіркеуде тұрмын. Дәрігер күндізгі стационарда инфузиялық тамшыға арналған курсты тағайындады. Мен №5 ауруханадағы күндізгі стационарға барып жүр едім. Ол жерде төрт процедурадан өттім, қазір осында жатырмын, қалған системамды аламын. Тұрғындардың бәрі риза. Біздің учаскелік дәрігеріміз енді осы амбулаторияда қабылдайтын болды», - деді шағын аудан тұрғыны Кенжехан Қайдарова.

Барлық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар