Алматыдағы тегін инсулин дефициті дүйсенбіде қалпына келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «СК-Фармация» ЖШС Алматыда тегін инсуллиннің неге жетпей жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Бүгін әлеуметтік желілерде қант диабетімен ауыратындарға арналған дәрінің таусылғаны туралы ақпарат тарады. Ішінде инсулин мен глюконил бар 55 түрлі дәрілік препараттарды жақын арада жеткіземіз», делінген компанияның жексенбі күні Facebook парақшасында жазылған хабарламасында.
СК-Фармация компаниясының түсіндіруі бойынша, Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған дәріге байланысты өтінімді қаңтарда орналастырған. ЛевеМир Пенфилл, ЛевеМир ФлексПенн және НовоМикс 30 ФлексПенн, Глюконил 1000 мг, 850 мг және 500 мг препараттарын түсіру дүйсенбіден басталады екен.