Алматыдағы тегін қазақ тілі курстарына кімдер қатыса алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімі аппаратының тапсырысымен және мемлекеттік тілді дамыту институтының ұйымдастыруымен қазақ тілін тегін үйрететін курс өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы тегін қазақ тілі курстарына кімдер қатыса алады

Тегін оқумен мемлекеттік қызметшілер, қала тұрғындары, этнос өкілдері, ең маңыздысы кәсіпкерлік (сауда-ойын сауық орталығының, қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру) саласының қызметкерлері қамтылады. Осы топтарға жататын 18 жасқа толған барлық тұлғалар қатыса алады.

Оқыту тамыз-желтоқсан айларында, онлайн және оффлайн форматта өтеді. Тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлініп, әр топқа аптасына 2 рет жүргізіледі.

Өтетін орындары: Алматы қаласы аудан әкімі аппараты ғимараттары мен аудан аумағындағы кітапханалар.

Байланыс телефондары: Мемлекеттік тілді дамыту институты 8 776 830 03 67, 8 747 793 52 64.

Аудан әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі:

Алатау - 2998649

Алмалы - 8 776 830 03 67

Әуезов - 3032558

Бостандық - 2755068

Жетісу - 3842754/75, 8700 770 70 73

Медеу - 2916434

Наурызбай - 3074553, 8 708 767 97 41

Түрксіб - 2231115.