Алматыдағы трамвай рельстері аукционда сатылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы трамвай желісінің инфрақұрылымы болашақта қайда және қалай жүзеге асыралады? «ҚазАқпарат» тілшісінің осы сауалына Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жауап берді.
None
None

Аталған басқарма басшысының орынбасары Сағындық Телібаевтің айтуынша, 2017 жылдың басындағы мәлімет бойынша қалада 29,6 шақырым травмай жолы болған. 

«2017 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес, Шевченко, Қонаев, Торайғыров, Өтепов көшелеріндегі сондай-ақ, 23 жол қиылысындағы барлық ұзындығы 16,7 шақырым болатын травмай релсі алынып, оның орнына асфальт төселді. Қалған рельстерді алу 2018 жылдың жұмыс жоспарына енгізіледі», - деді Сағындық Телібаев.

Демонтаждалған инфрақұрылымның қайда іске жаратылатындығы әзірге нақты емес.   

«Алынып тасталған қуат көзі кабельдері мен қосымша стансалар бүгінгі таңда троллейбус қызметіне берілген. Рельстер «Алматыэлектротранс» мекемесі трамвай шаруашылығында сақтаулы. Оны аукцион арқылы сату жоспарланып отыр. Трамвайлардың өзін ШҚО мен Павлодарға сату бойынша келіссөздер әлі де аяқталған жоқ», - деді ол.

Аталған басқарма мәліметіне сүйенсек, Жеңіл рельсті транспорт желісінің құрылысы 2019 жылы басталады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, биыл жазда Алматы көшелерін қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар трамвай жолдары алынып тасталған болатын. Қайта жөндеу жұмыстарынан кейін Шевченко, Құрманғазы көшелеріне бір жақты жол қозғалысы енгізілді.

Алматы қаласында трамвай желісі 1937 жылдың 7 қарашасында іске қосылып, 2015 жылдың 31 қазанында тоқтатылды. 2017 жылдың жазында қала бойынша рельстерді алу жұмыстары басталды.  

Соңғы жаңалықтар
Референдум