Алматыдағы түнгі клубта синтетикалық есірткі сатқан азамат ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Арнайы операция кезінде Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде синтетикалық есірткі сатып келген азамат ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Арнайы операция Алматының түнгі клубтарының бірінде өткізілді. Жедел уәкілдер мен полицияның арнаулы күштері ойын-сауық мекемесінде синтетикалық есірткі сатумен айналысатын есірткі сатушыны ұстады. Жеке тінту жүргізу кезінде күдіктіден орама тәркіленді. Оның ішінен ақ ұнтақ түріндегі синтетикалық препараттар шықты. Бұрын күдіктінің жақын маңдағы түнгі клубта ди-джей болып жұмыс істегені анықталды. Сонымен қатар, оның тонау қылмысына байланысты жазасын өтеп шыққаны белгілі болды», - деп мәлім етті министрліктің апталық брифингінде ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Қоса кетейік, өткен аптада еліміздің аумағында 2 800 қылмыс тіркелген. Оның 1 678-і тәуілік ішінде ашылды.


Соңғы жаңалықтар