Алматыдағы тұрғын үй ауласынан жарылғыш зат табылмады
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Алматыдағы тұрғын үй ауласынан жарылғыш зат табылмады,
деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, наурыздың 16-сы күні түнде, «102» пунктіне Алматы қаласының Сейфуллин даңғылы бойындағы 422 тұрғын үйдің ауласынан жарылғыш құрылғыға ұқсас заттың табылғандығы жайында анонимді ақпарат түскен.
Арнайы жүргізілген іс-шаралар барысында жарылғыш құрылғы табылмаған.