15:45, 15 Шілде 2022 | GMT +5
Алматыдағы Түрксіб ауданының бір бөлігінде ыстық су болмайды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматының Түрксіб ауданындағы ғимараттардың бірқатарында ыстық су уақытша ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не сілтеме жасап.
«18 шілде мен 22 шілде аралығында Түрсіб ауданындағы Сейфуллин – Дулатов – Терехин – Ақан Сері және Сүйінбай – Папанин – Ереванская – Стальской көшелерінің шегіне орналасқан тұрғын үйлерде және өзге де ғимараттарда ыстық су болмайды. Шектеулер «Алматыжылужайэнерго» ЖШС-нің қазандықтарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін енгізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», - делінген хабарламада.