17:40, 26 Наурыз 2013 | GMT +5
Алматыдағы Түрксіб ауданының тұрғындары газбен жабдықтаудан ажыратылады
АЛМАТЫ. 26 наурыз. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 27-29 наурыз аралығында Алматы қаласына қарасты Түрксіб ауданы орташа қысымдағы жерасты газ құбырында өткізілетін жоспарлы жұмыстарға байланысты газбен жабдықтаудан ажыратылады.

Атқарылатын жұмыстарға байланысты Земнухов - Спасский - Бекмаханов - Сүйінбай, 13, 16, Әскери қалашық, РВ-90 көшелерінен 36 кәсіпорын және қазандық, жеке сектордағы 4200 жекеменшік үй, сондай-ақ ұжымдық секторда 1215 газ газ тіреуіш (5 қабатқа дейін) газбен жабдықтаудан уақытша ажыратылады.