Алматыдағы ТЖО-ларда бақылаусыздықтан автокөліктер жиі ұрлануда

АЛМАТЫ. 11 сәуір. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы полициясы көлік айдап әкету оқиғасын тіркеуді жалғастыруда, көбінде қылмыс жасаушылар ТЖО жұмысшылары, немесе автокөлік жуушылар.

Алматыдағы ТЖО-ларда  бақылаусыздықтан автокөліктер жиі ұрлануда

Аңқаулардың бірі 29 жастағы жігіт өзінің «Лексус» автокөлігін «Самал» ауданындағы көлік жуу орнына қалдырып кеткен. «Айдап әкетілген көліктің иесі арызданған соң қаламызда «Құрықтау» операциясы жоспарланды. Жол полициясы басқармасының қызметкерлері тұрғын үйлер ауласының бірінен қолды болған автокөлікті байқап қалады. Полицияны көрген рөлде отырған адам көлікті тастай салып, жаяу қашып құтылмақ болады. Бірақ алысқа ұзамайды. Ұры сол көлікті жуған адам болып шықты және бұрын да өзгенің мүлкін ұрлағаны үшін сотталған екен. Медеу аудандық ІІБ -да өзгенің мүлкін заңсыз иеленгені үшін қылмыстық іс қозғалды»,-деп мәлімдеді Алматы қалалық ІІД Жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Мұхтар Түсүпов.

Өзгенің көлігіне мінгенді жаны қалайтын азаматтың бірі қаламыздағы ТЖО-ның 30 жастағы күзетшісі болып шықты. Көлігін жөндеуге қалдырып кеткен клиенттің «БМВ» автокөлігін алып, қалада түнде серуен құрған. Оны жол полициясының қызметкерлері қала сыртына көлікті айдап шықпақшы болғанда қолға түсірген.

«Техникалық жөндеу орталығы иелерінің тарапынан бақылаусыздықтың жоқтығы автокөліктердің жиі ұрлануына әкеп соқтырады. Мұнымен қатар, ТЖО әкімшілігі жұмысқа қабылдар алдында келешек кызметкерлерінің материалдық жауапкершілігі туралы ешқандай келісімшарт жасамайды. Бұл соңынан оларға материалдық жауапкершілік артуға мүмкіндік бермейді», - деп атап өтті өз сөзінде полковник М.Түсүпов.