Алматыдағы Универсиадада Қазақстан қай орыннан көрінуі мүмкін - министр Мұxамедиұлының болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұxамедиұлы қазақстандық спортшылардың бұған дейінгі универсиадаларда қол жеткізген жетістіктерін еске алды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы Универсиадада Қазақстан қай орыннан көрінуі мүмкін - министр Мұxамедиұлының болжамы

"Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан 12 бірдей Бүкіләлемдік универсиадаға қатысып, барлығы 44 медальды иеленген. Соның ішінде 18 алтын, 13 күміс және 13 қола медаль бар. Қазақстанның ең үздік көрсеткіші 2015 жылы Словакия мен Испанияда өткен Дүниежүзілік студенттік ойындарда тіркелді. Сол кезде біз 11 медаль - 5 алтын және 6 күмісті жеңіп алдық. Қазақстанның командасы үшінші орынға көтерілген", - дейді Мұxамедиұлы.

Оның айтуынша, осы жолғы спорт додасында Қазақстанның құрамасына коньки тебу, шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудан мықты спортшылар қосылып отыр. Осының арқасында жалпыкомандалық есепте жүлделі орын үшін таласуға әбден болады.

Айта кетейік, Алматы қаласында өтетін Универсиадаға әлемнің 59 елінен 2 мыңнан астам спортшы қатысады .  Қазақстанның намысын 168 спортшы қорғайды .  Алматы қалысының әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша, Ресей, Қытай, Канада сияқты мемлекеттер Алматы Универсиадасына үздік спортшыларын аттандырғалы отыр.