Алматыдағы үш су қоймасының табаны тазартылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2021 жылы Сайран көлінің табаны, Әуежай көлін және «Қарасу» шағынауданындағы тоғанды тазарту жоспарда бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта, Алматы қаласының Жасыл экономика басқармасы 2020 жылғы желтоқсаннан бастап Сайран су қоймасы, Аэропорт көлі және Қарасу шағын ауданындағы тоғанды механикалық тазалауға ЖСҚ әзірленіп жатыр.

Жоба 2021 жылдың маусымына дейін сараптамадан өтеді. Қаражат бөлінгеннен кейін су айдындарын тазалау жұмысы басталады.

Техникалық ерекшелікке сәйкес, жоба келесі міндеттерді қамтиды:

- су түбін тұнба мен шөгінділерден тазарту;

- жобада жергілікті жағдайларға және мамандандырылған техниканың болуына байланысты тазартудың неғұрлым қолайлы тәсілін (немесе тәсілдер комбинациясын) анықтау;

- жағалауды қоқыстан тазарту;

- су айдындарының түбін және жағалауды өсімдіктерден (қамыс, балдыр, жабайы өсінділер) тазарту;

- тұнба көп жиналған аймақтарды тереңдету (зерттеу нәтижелері бойынша анықтау);

- эрозияға және шайылуға ұшыраған жекелеген учаскелерде жағалауды бекіту құрылғысы.

Жұмыс жобасында мыналар қамтылады:

- су объектілерінің экологиялық жай-күйін қалпына келтіру, қорғау шаралары;

- су басу және судың тіршілік әрекетін бұзу қаупі мен салдарларын азайту шаралары;

- гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- су қоймаларының гидравликалық сипаттамаларын, ұзақ уақыт бойы алынған оң өзгерістері сақтау;

- Әуежай көлінің су қорғау белдеуін қалпына келтіру, абаттандыру.


Соңғы жаңалықтар