Алматыдағы ұшақ апаты: Қостанайда шұғыл желі іске қосылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Алматы маңында құлаған ұшақ апаты бойынша Қостанайда шұғыл желі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Алматыдағы ұшақ апаты: Қостанайда шұғыл желі іске қосылды

Еске салсақ, Радардан жоғалып кеткен «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырағаны мәлім болды. Ұшақ бортында 95 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.

«Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті 8 (7142) 50-36-24 «Жедел желісін» іске қосты. Ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және шұғыл психологиялық көмек көрсету үшін «102» телефоны жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ, психологтар қызмет көрсетуге дайын», - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы Жарлық шықты.