Алматыдағы «Юпитер» базары өртенді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Жетісу ауданындағы «Юпитер» базарында өрт шықты. Мұнда тауары бар сауда-қойма павильондары отқа оранған.

Алматыдағы «Юпитер»  базары өртенді

400 шаршы метрге жайылған жалын тілін ауыздықтауға бір сағаттан астам уақыт кетті. Өртті сөндіруге 27 техника мен 168 өрт сақшысы тартылды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.