Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде өнімнің заңсыз айналымы анықталды

АЛМАТЫ. Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде 26 мың литрден астам өнімнің заңсыз айналымы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде өнімнің заңсыз айналымы анықталды
Фото: Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті акцизделетін тауарлардың көлеңкелі айналымын анықтау мақсатында акцизделетін өнім нарығының субъектілеріне тұрақты түрде талдау жүргізеді.

Тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының лауазымды тұлғалары 15 маусым күні бір салық төлеушіге тиесілі екі автомобильге жанармай құю бекетінде жалпы көлемі 26 295 литр болатын жанар-жағармай материалдарының заңсыз айналымын анықтады.


Атап айтқанда, мұнай өнімдерін есепке алмай сақтау және өткізу – «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Заңды бұзу. Бұл ретте Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 281-бабы 5-тармағы 8-тармақшасы бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Аталған фактілер бойынша шешім қабылдау үшін іс материалдары Алматы қаласының сот органдарына беріледі.