Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында ер адам қаза тапты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жантүршігерлік жол апатына ұшырап ауруханаға жеткізілген ер адам бірер сағаттан соң көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы жантүршігерлік жол апатында ер адам қаза тапты

Рысқұлов даңғылынан төменіректе, Құлжа күре жолында Қайрат ауылына бұрылар маңда оңтүстікті бетке ұстаған BMW мен қарама-қарсы бағыттағы Mazda соқтығысты.
null 

Куәгерлердің айтуынша, солға бұрылып жатқан Mazda BMW-ның алдынан өте шықпақ болады. BMW жүргізушісі көлікті тежеуге үлгере алмай, соққының күшімен кері қарай айналып кеткен, ал Mazda жол шетіндегі жанармай құю бекеті аумағына кіріп кеткен. Автомобильдің қатты зақымданғаны соншалық, тіпті жөндеу мүмкін емес.
null 

Жол апатынан Mazda-ның жүргізушісі мен жолаушысы ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барын салса да, жолаушы ажалдан аман алып қала алмады.