Алматыдағы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы биыл да өз қызметін жалғастыруда
АЛМАТЫ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Қазақстанда өткен жылы өз қызметін бастаған Алматыдағы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы биыл да өз жұмысын жалғастыруда.
Аталмыш бағдарлама бойынша Түрксіб ауданында ауданның 55-тен аса ұйымдары мен кәсіпорындары қатысуда. Қазіргі таңда қызмет орнын берушілерде ЖОО-ы бітірген 184 түлек жұмыс істеуде.
Биылғы жылы Үкімет, тәжірибесі жоқ жас мамандарға жарты жылға 20 мың теңге көлемінде жалақы ұсынуда. «Жастар тәжірибесіне» әр түрлі меншіктегі - бюджетті және комерциялық ұйымдар қатыса алады. Бүгінгі таңда бағдарламаға көбіне белсенді түрде бюджетті ұйымдар қатысуда. Ал, жеке меншік құрылымдар қызметке көп жағдайда тәжірибесі бар мамандарды қабылдағанды жөн көруде.