Алматыдағы жеке кәсіпкерлер патент алуға асықпай отыр

Ведомствоның мәліметінше, 28 желтоқсандағы жағдай бойынша Алматы қаласында патент негізінде жұмыс істейтін 25,5 мың кәсіпкердің тек 19 мыңы ғана патент алуға өтініш берген.
«Патент негізінде арнаулы салық режімдерін қолдануды ұзарту үшін жеке кәсіпкерлер 31 желтоқсаннан қалмай «911.00» формасындағы патенттің есебін ұсынуы тиіс. Есеп алдыңғы патенттің мерзімі шықпастан бұрын, қағаз түрінде немесе электронды нұсқада қабылданады»,- деп ескертті ведомство мамандары.
Бұл орайда Мемлекеттік кірістер департаменті Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы заңнамаға өзгерістер енгізілгеннен кейін жеке кәсіпкерлер төлем жүйесін қалай жүзеге асыратынын ескертті.
«ҚР Парламенті МӘМС-ке енгізілетін жарналардың тәртібі мен мерзімі мәселесі бойынша заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобасын мақұлдады. Соның ішінде жеке тұлғалар мен мемлекет тарапынан МӘМС-ке енгізілетін жарналар төлеу мерзімін де 2018 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 1 қаңтарына шегеру туралы ұсыныс та бар. Осыған байланысты патент негізінде арнаулы салық режімдеріндегі жеке кәсіпкерлер үшінде жарна төлеу тоқтатылды», - дейді олар.