Алматыдағы жекпе-жек кешінде Дәурен Ермеков чемпиондық белбеуді жеңіп алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыдағы «Алматы Аренада» аралас жекпе-жектен Gorilla Fighting Championship (GFC) 23 турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы жекпе-жек кешінде Дәурен Ермеков чемпиондық белбеуді жеңіп алды

Басты жекпе-жекте қазақстандық Дәурен Ермеков пен ресейлік Артур Гусейнов орта салмақта лиганың уақытша чемпиондық белбеуін сарапқа салды.

Қазақстандық жекпе-жек шебері үш раунд бойы басымдылығын көрсете білді. Қарсыласын тикдаунға да түсіріп, көбірек соққы жұмсай білді.

Төрешілер 30:28, 30:27, 30:27 есебімен бірауыздан жеңісті Д.Ермековке берді.

Осылайша Дәурен өз дивизионында GFC-ның уақытша титулына ие болды. Бұл – оның кәсіби спорттық жолындағы 14-інші жеңісі.

Турнирге құрметті қонақ есебінде UFC жұлдызы, ресейлік Хабиб Нурмагомедов қатысты. Ол – осы Gorilla Fighting Championship промоушны құрылтайшыларының бірі.