Алматыдағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 77 пайызға жетті- Ахметжан Есімов

Ы. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы қаласындағы жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік тілде іс жүргізге жекелеген құрылым басшылары әлі де лайықты көңіл бөлмей келеді. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов кеше "Ана тілім - ардағым" деп аталатын фестивальде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

"2005 жылы Алматыдағы жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік тілде іс жүргізудің үлес салмағы 15 пайызды құраса, 2007 жылы 56 пайыз, биыл бұл көрсеткіш 77 пайызға жетті. Алатау, Бостандық, Медеу аудандары өз құжаттарын 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізуде. Демек бұл салада айта қаларлықтай алға жылжу бар. Әйтсе де жекелеген құрылым басшылары бұл мәселеге әлі де лайықты көңіл бөлмей келеді. Мысалы құжат айналымының көрсеткіштері: дене шынықтыру және спорт басқармасында - 44 пайыз, қаржы басқармасында - 37 пайыз, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында - 10 пайызды құрайды. Мемлекеттік тілдің дендеп ене алмай жатқандығы қаржы, техника, энергетика саласы екенін көріп отырсыздар", дейді Ахметжан Есімов. Шаһар басшысының айтуынша, оның терминология, қазақ тілді мамандар тапшылығына байланысты обьективті себептері бар екендігін де ескеру қажет. Әлеуметтік зерттеулерге жүгінсек қала тұрғындарының 70 пайыздан астамы құжаттарды орыс тілінде толтыруға бейім. Бұл бүгінгі қоғамдық өмірдегі шынайы ахуал.

"Онымен санаспауға болмайды. Әлдекімдер айтып жүргендей тіл саясатын тізеге салып, күштеуге келмейді. Оны әлеуметтік өмірдегі нақты жағдайға қарай байыппен жүргізген жөн. Осыған орай аудан әкімдеріне, басқарма бастықтарына, басқа да мемлекеттік мекемелердің басшыларына құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізуге барлық жағдайды жасауды тапсырамын. Қазір әрбір сала бойынша қазақ тіліндегі іс қағаздарының үлгілері дайындалған. Енді осы үлгілерді күнделікті жұмыстарға кеңінен енгізу қажет", дейді А. Есімов.

Соңғы жаңалықтар