07:44, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Алматыдағы Жетісу базарында пиротехникалардың атылуы салдарынан 19 жастағы азамат мерт болды
ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Алматыда Жетісу базарында пиротехникалардың атылуы салдарынан 19 жастағы азамат мерт болды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жексенбі күні, түскі сағат 4 шамасында Солтүстік айналма тас жолы бойында орналасқан Жетісу базарында пиротехникалық заттар орналасқан екі контейнерде өрт болды. Контейнерлердің иесі - «Ялян» ЖШС.
Өртті бір сағаттан кейін ғана толығымен сөндіру мүмкін болды. Онымен күреске ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 24 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.
Тілсіз жаудың шарпыған жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Өрт салдарынан күйік жарақаттарын алған 19 жастағы бозбала ауруханаға барар жолда көз жұмды.