Алматыдағы жол апатынан сәби зардап шекті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда автобус жол апатына ұшырады. Жол-көлік оқиғасынан 1,5 жасар бала зардап шекті, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
Бұған дейін хабарланғандай, жол-көлік апаты Абай мен Саин көшелерінің қиылысында орын алған. №92 бағдар бойынша қатынайтын автобус жүргізушісі шығыс тараптан Абай даңғылының бойымен келе жатқан.
Subaru көлігінің жүргізушісі солға бұрылу үшін жылдам автобустың алдын кесіп өтпек болғанда үлгермей қалып, қоғамдық көлікке барып соғылған.
Жеңіл автокөлік жүргізушісі жас келіншек пен оның 1,5 жасар сәбиі жол апатынан зардап шегіп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.