16:20, 29 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Алматыдағы жол апатында жүргізуші көлік ішінде қысылып қалды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда екі көліктің бетпе бет соғылуынан жүргізушілердің бірі салонда қысылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.
Жол апаты Райымбек даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында көпір үстінде болған.
Батысқа бағыт алған Митсубисиді белгісіз көлік ығыстырып, қарама-қарсы жолға шығарып жіберген.
Соның салдарынан Митсубиси қарама-қарсы келе жатқан Хонда көлігімен бетпе бет соқтығысады. Соққыдан көліктер екі жаққа ұшып кеткен.
Хонда жүргізушісі көліктен шыға алмай қалды. Жақын маңдағы жолаушылар көліктің майысқан есігін бұзып, ер адамды сыртқы шығарды. Көлік апатынан зардап шеккен екі жүргізушіні де жедел жәрдем алып кетті.