Алматыдағы жол-көлік оқиғасы кезінде үш автокөлік арыққа ұшып кетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Гоголь көшесінің төменгі жағындағы Байтұрсынов көшесінде үш автокөлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік апатынан ешкім зардап шеккен жоқ.

BMW-7 маркалы автокөлік заңсыз жерден жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні соғудан қашып, тұрақта тұрған Toyota Camry және Subaru автокөліктеріне соқтығысқан. Жойқын соққыдан үш көлік те жолдан шығып, арыққа ұшып кетті.

Алматы ІІД жол-көлік апатынан ешкім зардап шекпегенін атап өтті.

 

Еске сала кетсек, өткен аптада ер адам мен оның үш жасар ұлы мерт болған жан түршігерлік жол-көлік апаты болды. Жолаушы көлікті басқара алмай, ағашқа соғылған және жыраға түсіп кеткен. Аталған факт бойынша (345-бап, 4-бөлім «Екі немесе одан да көп тұлғаның өліміне әкеп соққан жол-көлік апаты») сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар