Алматыдағы жол-көлік оқиғасында алты адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол көлік оқиғасы болды, оның салдарынан алты адам зардап шекті.

Алматыдағы жол-көлік оқиғасында алты адам зардап шекті

Куәгерлердің айтуынша, апат Манас және Шевченко көшелерінің қиылысында болған. Nissan маркалы көлігі Манас көшесі бойымен бағдаршамның жасыл шамымен келе жатып, қызыл шамға қарамай өтпекші болған Toyota Highlander маркалы автомобильге соқтығысқан. Соның нәтижесінде жол таңдамайтын машина аударылып қалды.

Жол полициясынан хабарлауынша, алты адам зардап шекті, олардың арасында жүкті әйел бар.