Алматыдан 104 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 28 наурыз. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒА СТӘЭ» ММ Сейсмологиялық станса жүйесі бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 18.31-де жер сілкінісін тіркеді.
Бұл туралы ҚР БҒМ ҒК «СТӘЭ» ММ-нің баспасөз қызметінен хабарланды.
Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 104 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5. Магнитудасы - MPV - 3,3. 10 шақырым тереңдікте. Оның сезілуі жөнінде (МSК-64 шкаласы бойынша) ақпарат жоқ.