Алматыдан 114 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық станция желісі 2017 жылдың 3 ақпанында 18 сағат 39 минут 10 секундта жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Алматы қаласының оңтүстістігінен 114 шақырымда Қырғызстан аумағында орналасқан. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.
«Жер сілкінісінің энергетикалық санаты - 9.7. Магнитудасы - 4.3 MPV. Эпицентрдің координаты 42.23° с.б. 76.44° ш.е. Тереңдігі - 5 шақырымды құрайды», - деп айтылады хабарламада.