Алматыдан 129 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы қаласынан шығысқа қарай 129 шақырым жерде, Қазақстан аумағында күші 4,6 балдық жер сілкінді.

Алматыдан 129 шақырым қашықтықта жер сілкінді

«ҚР БҒМ СТӘЭ» ММ жүйесі бүгін, 6 сәуірде 05 сағат 32 минут, 43 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан шығысқа қарай 129 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Тереңдігі - 25 шақырым.