Алматыдан 142 шақырым қашықтықта 4,3 магнитудалы жер сілкінісі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансаларының желісі 19 қазан күні Алматы уақытымен 15 сағат 58 минут 58 секундта жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 142 шақырым қашықтықта 4,3 магнитудалы жер сілкінісі болды

«Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 142 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық сыныбы 9.0. Магнитудасы MPV 4,3. Тереңдігі 20 шақырым. Координаттары - 40.04° б.е. 76.17° ш.б. Жер асты дүмпулері сезілген жоқ», - деп хабарлады  СТӘЭ.