Алматыдан 149 шақырым қашықтықта жер сілкінді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылғы 26 тамызда 19 сағ. 04 мин. 31 сек. жер сілкінісі орын алды.

Алматыдан 149 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Бұл мәліметті «ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

Зілзала ошағы  Қырғызстан аумағында, Алматы қаласының оңтүстік-шығысында 149 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер кілкінісінің энергетикалық күші - 9.6. Магнитудасы - 4.4. Тереңдігі 5 шақырымды құраған.

Жер сілкінісінің сезілуі туралы мәлімет жоқ.