Алматыдан 187 шақырым жерде күші 4,5 балл жерасты дүмпуі тіркелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 наурыз күні Алматы уақытымен 00 сағат 09 минут 08 секундта жер сілкінісі тіркелді, оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 187 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болды.

Алматыдан 187 шақырым жерде күші 4,5 балл жерасты дүмпуі тіркелді

Бұл туралы «ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмикалық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ хабарлады.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.8. Тербеліісі MPV 4.5. Зілзала ошағының координаттары - 42.05° солтүстік ендікте. 75.24° шығыс бойлықта. Тереңдігі 5 шақырым. Сезілгені туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ», - делінген хабарламада.