Алматыдан 217 шақырым жерде жер сілкінісі болды

АЛМАТЫ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалары желісі кеше Алматы уақытымен 15 сағат 09 минут 26 секундте жер сілкінісін тіркеді.

Алматыдан 217 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің кіндігі Қазақстан аумағында Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 217 шақырым жерде болды. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,4. MPV тербелісі 4,3. Зілзала ошағының координаттары солтүстік ендікте 42.66º, шығыс бойлықта 79.47º. Тереңдігі 10 шақырым. Сезілуі туралы (МSК-64 бағанымен) мәліметтер жоқ.