Алматыдан 226 шақырым жерде жер сілкінді

АЛМАТЫ. 2 ақпан. ҚазАқпарат - «Алматы» сейсмологиялық обсерватория орталығы, «ҚР БҒМ «СТӘЭ ҒК» ММ Сейсмология стансаларының желісінің ақпаратына қарағанда, бүгін алматы уақыты бойынша түнгі сағат 01.54 минут 08 секундта жер сілкінісі тіркелді.

Алматыдан 226 шақырым жерде жер сілкінді

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 226 шақырым жерде Қазақстанның аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.5. Зілзала 10 шақырым тереңдікте орналасты. Оның сезілуі жөнінде ақпарат жоқ.