Алматыдан 230 шақырым қашықтықта жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақытымен 06 сағат 23 минут 54 секундта (Гринвич бойынша 14 қарашадағы 00 сағат 23 минут 54 секундта) Алматыдан оңтүстік шығысқа қарай 230 шақырым жерде Қазақстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті.
Бұл мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлгі Ғылым комитетінің Сеймологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.1 болса, тербелісі - MPV 4.3, ал тереңдігі 5 шақырымды құраған. Зілзала ошағының координаттары 42.32° солтүстік ендікте, 79.33° шығыс бойлықта. Сезілуі жөнінде (МSК-64 бағанымен) ақпараттар түскен жоқ.