Алматыдан 236 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді
АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақыты бойынша сағат 16:34-те сейсмологиялық стансылар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді.
Бұл туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 236 шақырым жерде орналасты. Энергетикалық класы - 8,4. MPV тербелісі - 3,4. Ошағының координаттары - солтүстік ендікте 42.63° мен шығыс бойлықта 79.70°. Тереңдігі - 5 шақырым. Сезілуі (МSК-64 шкаласы бойынша) туралы мәліметтер жоқ.